Apple корпорациясы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына байланысты iPhone жинау өндірісін Қытайдан Үндістанға көшіруді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі таңда Apple зауыттары үш елде – Қытай, Үндістан және Вьетнамда орналасқан. Компанияның iPhone-ның көп бөлігі Қытайда жиналса, Үндістанда құрылғылардың 20%-ы шығарылады. Алайда, 2026 жылдың соңына қарай Apple өндіріс орындарын Қытайдан Үндістанға толық көшіруді жоспарлап отыр, - деп жазады Financial Times.
2024 жылы барлық жаһандық iPhone сатылымдарының шамамен 28%-ы АҚШ-та болды. Осы нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін компания Үндістандағы өндірістік қуаттылықты екі есеге арттыруды жоспарлап отыр. Осы жағдайлар аясында Apple Үндістандағы смартфондар өндірісін кеңейтуге назар аударып, Foxconn және Tata Electronics сияқты ірі жеткізушілермен келісімдер жасаған.
Сонымен қатар, соңғы уақытта қытайлық зауыттардың жұмысшылары бұрынғы президент Дональд Трамптың баспасөз хатшысын қытайлық көйлек үшін айыптағаны хабарланды.