Ұшақ апатынан зардап шеккен әскерилер туралы айтылды

16 Сәуір 2020, 21:14
1616
Бөлісу:
Ұшақ апатынан зардап шеккен әскерилер туралы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында құлаған МиГ-31 әскери ұшағынан екі сарбаз зардап шекті.

Ұшақ  апатынан 2 сарбаз жарақат алды.  Олар Хафиз Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы қанағаттанарлық, екіншісінің жағдайы орташа ауыр.  Қажетті ем алатын болады, - деп хабарлайды Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды ​​әуежайына 10 шақырым жерде шамамен сағат 19.03-те дайындық бойынша жоспарлы ұшу кезінде ҚР әскери әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы апат ұшырады.

Өзгелердің жаңалығы