Апатты ЖЭО-лар жылыту маусымына дайын ба? Скляр жауап берді

7 Қыркүйек 2023, 11:24
445
Бөлісу:
Апатты ЖЭО-лар жылыту маусымына дайын ба? Скляр жауап берді
Фото: автордан

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Ақордада жылу электр орталықтарының жылыту маусымына дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары бойынша жөндеулер жүргізіліп жатыр. Биыл қаржыландыру көлемі былтырғымен салыстырғанда бірнеше есеге өсті. Ескі және тозған жүйелерге қатысты жұмыстар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Екібастұздағы 10 қазандыққа, оның 5-еуі энергетикалық, 5-еуі жылыту қазандығына күрделі жөндеу жүргізілуде. Қондырғылар мен қажетті материалдар орнында. 500-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Толық қаржыландырылу бар. Жаңа станциямен іске қосыламыз. Басқа жылу энергия станциялары тариф инвестициясымен алмасу бағдарламасы аясында қаржыландырылды, - деді Скляр. 

Үкімет мүшесі апаттар тіпті жаңа станциялардың өзінде де болатынын айтты. 

Бүтін бір қала жылусыз қалмайды. Ондай ешқашан болмайды. Апаттар болу мүмкіндігі ықтимал. Бұл - табиғи үрдіс. Бірақ дайындық бойынша бүкіл желі қамтамасыз етіледі. Ол апатты қалай жоятыны маңызды, - деп айтты Роман Скляр Ақордада.

Өзгелердің жаңалығы