Ұшақ апаты: Емханадағы соңғы науқас шығарылды

7 Наурыз 2020, 14:29
1781
Бөлісу:
Ұшақ апаты: Емханадағы соңғы науқас шығарылды

Алматы, BAQ.KZ. Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының жолаушысы емханадан шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Дәрігерлердің мәліметінше, 6 наурыз күні қаладағы №4 клиникалық ауруханадан апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының жолаушысы шығарылған. 

Бұл Алматы дәрігерлерінің бақылауында ем қабылдап жатқан соңғы жолаушы болатын,-делінген хабарламада.

Дәулет есімді жолаушы 2019 жылдың 27 желтоқсанында жедел жәрдем бригадасымен осы клиникаға жеткізіліп, 70 тәулік бойы стационарда болған. Жағдайы қанағаттандыралық болған соң емханадан шығарылған. Науқасқа сегіз рет хирургиялық ота жасалған.

Қазіргі таңда науқастың жарасы жазылды, сондықтан амбулаторлы емнен шығарылды. Алдағы уақытта науқастың денсаулығы жіті бақылауға алынады. Оған қойылған Илизаров аппараты 7-8 айдан кейін алынады. Науқас емін-еркін қозғала алады, аппарат оның өмірі сапасына кері әсер етпейді,-дейді хирургия және күрделі жарақат бөлімінің меңгерушісі Рафаэль Гайсин.

Дәрігерлерге деген алғысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, олар менің бауырыма айналды. Бұл адамдар мені аяқтан тұрғызып, өмірге қайта әкелді. Хирург дәрігерлердің мұндай ғажайып нәрсе жасайтыны ойыма да келген жоқ. Барлығына көп рахмет!,-дейді Дәулет.

Айта кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында ұшақ апатынан 69 адам зардап шегіп, 51-і арауханаға түскен еді.

Өзгелердің жаңалығы