Апат болған шахтада көмір үгіндісінің бықсып жатқаны анықталды

5 Қараша 2022, 19:43
2194
Бөлісу:
Апат болған шахтада көмір үгіндісінің бықсып жатқаны анықталды

Осыдан екі кұн бұрын апат болған Ленин атындағы шахтада тексеру өткізіп жатқан комиссияның жұмысы барысында көмір үгіндісінің бықсып жатқаны анықталды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Ленин атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқан арнайы комиссияның қызметкерлері апат болған жерде көмір үгіндісінің бықсып жатқанын анықтады. ТЖМ хабарлағандай, қайта тұтану немесе жаңа өрт ошағы болмаған. Қазіргі уақытта ол жерде арнайы бригада мамандары аумаққа су құюмен айналысып жатыр.

Өрт жоқ. Комиссия жұмысы барысында көмір үгіндісінің бықсуы анықталды. Ол жерге шұғыл түрде тиісті бөлімшелер шақырылды. Бұл бұрын шахтада болған оқиғаның салдары деп санаймыз, яғни сол оқиғадан кейін болған өрттің қалдықтары. Жаңа өрт ошақтары жоқ. Бұл жайт комиссия жұмысы барысында анықталды, шахта әлі де жабық. Қазір бықсыған жерге су құю жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп мәлімдеді Руслан Иманқұлов.

Өзгелердің жаңалығы