АӨСШК-тің бағыты өзгереді – Сарыбай

13 Қазан 2022, 18:50
1683
Бөлісу:
АӨСШК-тің бағыты өзгереді – Сарыбай

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру Азия мемлекеттерінің әлемдік процестерге ықпал ету тетіктерін нығайтуға мүмкіндік береді, бұл туралы АӨСШК-нің бірінші Бас хатшысы Қайрат Сарыбай мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Астанада өткен АӨСШК VI саммитінде бірқатар құжат қабылданды. Олардың бірі – АӨСШК трансформациясы.

Бұл шешімнің маңызы мен келешегі туралы АӨСШК Бас хатшысы айтып берді.

АӨСШК қайта құру процесі бірлестікке мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының ұйымдық және институционалдық базасын нығайтуды көздейтін болады. Трансформация, яғни ұйымның бағытының өзгеруі біздің тиімді диалог алаңымызға айрықша мәртебе береді. Осылайша Азия мемлекеттерінің әлемдік процестерге ықпал ету тетіктерін айтарлықтай нығайтады, бұл оның жаһандық рөл атқаруына мүмкіндік ашпақ, - деді АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай.

 

Қайрат Сарыбай АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры қызметін атқарған. Бүгінгі саммит кезінде осы лауазымның атауын бас хатшыға ауыстыруға шешім қабылданды.

Ұйымға мүше мемлекеттерге ең жоғары қолдау жасау үшін және трансформацияны ілгерілету мақсатында төрағалық саммитке АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайды АӨСШК бірінші бас хатшысы қызметіне тағайындауды ұсынады, - деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. 

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитінің бірінші күні өтті. 

Өзгелердің жаңалығы