Аңыз спортшы Рональдино футболға оралады

25 Ақпан 2023, 14:36
1579
Бөлісу:
Аңыз спортшы Рональдино футболға оралады
Фото: Eurosport

Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы 42 жастағы Роналдиньо футболға оралады. Спортшы Испанияның медиалигасына қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Twitter желісіндегі Kings League InfoJobs хабарлауынша, спортшы Porcinos клубында “Пио” командасына қарсы ойнайды.

Кездесу 26 ақпанда Барселонада өтеді.

Kings League — шоу-бизнес жұлдыздары мен бұрынғы футбол аңыздары командаларының қатысуымен өтетін испандық медиа футбол турнирі.  Матчтар Барселонада (Испания) 7х7 форматында өтеді және 40 минутқа созылады.

“ПСЖ”, “Барселона” және “Милан”сапында ойнаған Роналдиньо 2015 жылы спорттағы мансабын аяқтады.

Роналдиньо 2005 жылы "Алтын доп" алды. Сонымен қатар 2004 және 2005 жылдардағы ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік ойыншысы. Бразилия құрамасы сапында 2002 жылы футболдан әлем чемпионы атанды.

Өзгелердің жаңалығы