Әнуарбек Байжанбаев атындағы байқау жарияланды

6 Ақпан 2021, 21:42
4091
Бөлісу:
Әнуарбек Байжанбаев атындағы байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ радиосының 100 жылдығына орай Әнуарбек Байжанбаев атындағы көркем сөз оқу шеберлері арасында халықаралық дикторлар байқауы жарияланды.

Бұл туралы Қазақ радиосы хабарлады.

Байқауға жасы 18 ден асқан барлық үміткер, телерадио журналистері, журналистика факультетінің студенттері және газет-журнал тілшілері де қатыса алады. Байқаудың басты мақсаты-көркем сөз оқу мәдениетін жандандыру, қазақ әдебиетінің құнды мұраларын насихаттау, байқау арқылы көркем шығарманың оқырмандар жүрегіне жол табуына, сөз өнеріне деген жұртшылықтың қызығушылығын арттыруға ықпал ету – дейді байқауды ұйымдастырушылар.

Байқаудың бірінші іріктеу кезеңі - онлайн арқылы өтеді. Қатысушы талапкер оқитын шығармасының аудиожазбасын қазақ радиосының Whatsapp: 8 707 850 05 35 нөміріне жібереді.

Арнайы көркемдік кеңестің талқысынан өткен туынды екінші кезеңге жолдама алып, әуе толқынында тыңдарманға ұсынылады.

Байқауға поэтикалық шығарма, белгілі прозалық шығармадан үзінді және ақпараттық мәтін оқуға болады.

Әр шығарма аудиожазбасының ұзақтығы 1 минут. Талап бойынша оқу мәнері, дауыс бояуы, сезінуі, дыбыс анықтылығы, туындының мазмұны, маңыздылығы бағаланады. Қатысушылардың үнтаспалары әлеуметтік желілерде/ Фейсбук, инстаграмм парақшалары арқылы/ толығымен насихатталады. Ол үшін сапалы түскен фотоларын электронды поштаға жіберулері тиіс – дейді ұйымдастырушылар.
Өзгелердің жаңалығы