Антитеррорлық операциялар кезінде қаза тапқандардың кредиттері кешіріледі - Jusan Bank 

10 Қаңтар 2022, 10:27
1279
Бөлісу:
Антитеррорлық операциялар кезінде қаза тапқандардың кредиттері кешіріледі - Jusan Bank 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Jusan Bank антитеррорлық операциялар мен әлеуметтік тәртіпті қалпына келтіру кезінде қаза тапқан арнайы қызмет және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қайғыра көңіл айтады. Қаза тапқан қызметкерлердің біздің банктегі ағымдағы кредиттері толығымен кешіріледі.

Төтенше жағдай режимінде, банк бөлімшелерінің және мобильді қосымшалардың қызметіндегі шектеу кезінде Jusan Bank өз клиенттерінің - жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлемдерді кешіктіру үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды уақытша тоқтатады.

Jusan Bank-тiң барлық iшкi жүйелері ақаусыз жұмыс жасап тұр, банк өз қызметін қалпына келтіруді жалғастыруда. Қазіргі уақытта Jusan интернет банкингiнiң жұмысы қалпына келтірілді - сервис қызметтері толық қол жетімді. Сонымен қатар Қазақстан бойынша банкоматтар жүйесі толықтай жұмыс жасап тұр, - делінген ақпаратта.

 

Өзгелердің жаңалығы