Антикор “Қазгеология” басшылығына қатысты тергеуді бастады

22 Желтоқсан 2022, 09:41
941
Бөлісу:
Антикор “Қазгеология” басшылығына қатысты тергеуді бастады

 Тергеу лауазымдық өкілетін асыра пайдалану фактісі бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекеме басшылығы Жарғыны бұзып, директорлар кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма төрағасы, төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 миллион теңгеден астам сомаға артық төледі деген күдікке ілінді, - делінген ресми ақпаратта. 

Осылайша лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтқан. Іске қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы