Антикор кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған күдіктіні ұстады

9 Қаңтар 2023, 17:02
1361
Бөлісу:
Антикор кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған күдіктіні ұстады

Антикор журналист, блогер Тоқберген Әбиевті 50 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Тоқберген Әбиевтің бұқаралық ақпарат құралдарында зиянды мәліметтерді тарату және өзінің Youtube-арнасында шындыққа сәйкес келмейтін бейнежазбаларды жою үшін кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікпен қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 

2022 жылғы 14 желтоқсанда Әбиев 50 миллион теңгемен ұсталып, соттың санкциясынан 2 ай мерзімге қамауға алынды. 

Бұдан басқа, Әбиев мемлекеттік органдар қызметкерлері мен азаматтарды адастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті» ЖШС жеке заңды тұлғасын тіркегені анықталды. Бұл ұйымның басшысы болып көрініп, сол арқылы билік өкілінің бейнесін жасай отырып, Әбиев кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан өзінің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауды, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіпті бұза отырып ақпарат пен материалдар беруді талап етті, - делінген Антикордың баспасөз хабарламасында.

Абиев тек өзіне-өзі қызмет ету себептерін көздей отырып, ақшалай сыйақылар үшін жеке тұлғаларға өз ұйымы қызметкерінің қызметтік куәліктерін беріп, оларды билік өкілінің мәртебесі туралы жаңылыстырды. 

Алайда, Әбиевтің қызметі құқық қорғау органдарының жұмысымен ешқандай байланысты емес. Әбиевтің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексеріледі. Әбиевтің заңсыз қызметінің барлық осындай фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз, - деді Антикор.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы