Антикор істі болған ЛРТ басшылары тергеуге келмегенін айтты

Бүгiн, 14:16
187
Бөлісу:
Антикор істі болған ЛРТ басшылары тергеуге келмегенін айтты
Фото: BAQ.KZ архив

Антикор БАҚ арқылы Астана LRT ЖШС Ардан Талғат пен «Астана банкі» мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровты тергеуге шақырды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров айтты, деп хабалайды BAQ.KZ тілшісі.

Антикор Олжас Тоқтаров пен Ардан Талғатқа қатысты қылмыстық істі тергеп аяқтады. Тергеу барысында орган аталған тұлғаларды Қылмыстық кодекстің 208 баптың 1-тармағы бойынша тергеуге шақыртты. Олар тергеуге келмеген соң, Антикор күдіктілерді БАҚ арқылы шақырды. Олар Қазақстанда емес. Сондықтан олар сонда да тергеуге келмеді. Қазір олардың ауыр қылмыс жасалғаны сырттай расталды. Қылмыстық іспен танысу жүргізіліп жатыр,- дейді Бегайдаров.

Бегайдаров 19 қыркүйекте Астана LRT компаниясының басшыларына қатысты іс сотқа жолданғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров жемқорлық жөнінде хабарлағандар 28,9 млн теңге сыйақы алғанын айтты. Антикор Қаржы министрлігінің шенеуніктері жемқорлықпен ұсталғаны туралы да айтты.

Өзгелердің жаңалығы