Антикор басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

8 Қараша 2022, 16:15
837
Бөлісу:
Антикор басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
PHOTO

 Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Олжас Бектенов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэтрин Джейн Личпен кездесті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар, оның ішінде 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және Қазақстанда инвесторларды қорғау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. 

Антикор басшысы Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

Өз кезегінде, Кэтрин Джейн Лич Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудегі, Агенттіктің елдегі сыбайлас жемқорлықтың айтарлықтай төмендеуіне ықпал ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік тәжірибелерді енгізудегі қадамдарының дәйектілігін оң атап өтті. 

Сонымен қатар, Елші Агенттікпен ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қолдау, жәрдемдесу және техникалық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Кездесу барысында заңсыз байыту, ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, компания иелерінің бенефициарларын белгілеу тәжірибесін жолға қою мәселелері талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған салалардағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы