Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді

25 Қаңтар 2023, 12:20
2575
Бөлісу:
Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді

Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген.

1500км² астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді.

Бұл оқиғаға дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.

Өзгелердің жаңалығы