Антарктидада жаңа жауған қардан микропластик табылды

9 Маусым 2022, 18:55
1632
Бөлісу:
Антарктидада жаңа жауған қардан микропластик табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Антарктидада жаңа жауған қардан пластик қалдықтарының бөлшектері анықталды, деп жазды «Хабар 24». 

Жаңа Зеландиялық ғалымдар Росса мұздығы аумағынан жаңа жауған қар үлгілерінен пластик қалдықтарды тапты. Зерттеу барысында ерітілген әр бір литр қардан шамамен 30-ға жуық түрлі пластик қалдықтардың бөлшегі анықталған. 

Ғалымдар олардың арасында шөлмек шығаруда қолданылатын полимер мен синтетикалық талшықтар көп кездесетінін айтады. 

Мамандар бұл Антарктидадағы мұздықтардың еруін жылдамдатып, құрлықтың экожүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр.
 

Өзгелердің жаңалығы