Әнші, композитор Сейіл Аяған өмірден өтті

26 Қаңтар 2023, 10:53
3807
Бөлісу:
Әнші, композитор Сейіл Аяған өмірден өтті

Әнші, композитор Сейіл Аяған өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. 

Жасаған берген жаратылысы бөлек Сейіл Аяған, аға дос, сіз де көштіңіз бе мына бейопа жалғаннан... Жаратқан Иеміз көрмеген көшеңізден  жарылқасын. Өзі мың құбылып тұрған мына дүниеге сіздің ғажайып әніңіз сәуле шашып тұр еді. Амал жоқ... Сейіл кетті дегенше, пейіл кетті десеңші, - деп жазды ақын Жанарбек Әшімжан әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Қарағандылық әнші 52 жасқа қараған шағында кенеттен дүние салған.
Сейіл Аяған - «Жас қалам», «Таң самалы»,  «Бала махаббат», «Жіберілген хат», «Қандай сұлу дүние» және тағы да басқа хит әндердің орындаушысы.

Өзгелердің жаңалығы