«Аңсаған сәби». Бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады

1 Маусым 2022, 11:11
1552
Бөлісу:
«Аңсаған сәби». Бағдарлама 2025 жылға дейін жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасы биыл да жалғасын табады. 

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бедеулік салдарынан отбасылық жұптардың 20%-ы ажырасып жатқанына, отбасылық-демографиялық жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды. Былтыр осы бағдарлама арқылы 7000 әйелге қосалқы репродуктивтік технологиялар қолжетімді болды, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Белгілі болғандай, аталған бағдарлама мыңнан астам отбасыға бақыт сыйлаған. 

Нәтижесінде 3 000-нан астам әйел жүктілік бойынша есепке алынды, 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл бағдарлама «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін жалғасатын болады, - деді министр. 

Айта кетерлігі, елімізде 29 экстракорпоралдық ұрықтандыру орталығы жұмыс істейді. МӘМС шеңберінде осы мемлекеттік қызметті 18 клиника көрсетеді. Оның ішінде, үшеуі - мемлекеттік, 15-і – жекеменшік емхана.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің бас дәрігері дені сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін жүктілікті жоспарлау маңызды  екендігін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы