Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің күміс жүлдегері атанды

Данилина мен сербиялық Александра Крунич жұбы беделді «Үлкен дулыға» турнирінің чемпиондығы үшін таласты.

 Қазақстан теннис федерациясы Бүгiн 2026, 20:15
Бүгiн 2026, 20:15
217
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жұптық сындағы Францияның ашық чемпионатының финалына дейін жетті.

Турнирдің шешуші матчында олар чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсенд жұбына қарсы ойнады. Кездесу қорытындысында жеңіс турнир фавориттерінің еншісіне бұйырды.

Финалдық матч 1 сағат 33 минутқа созылып, Синякова мен Таунсендтің пайдасына 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.

Данилина мен Крунич үшін бұл «Үлкен дулыға» санатындағы беделді трофейді жеңіп алу мүмкіндігі еді. Алайда қарсыластары өздерінің жоғары рейтингін дәлелдеп, кездесуді екі сетте аяқтады.

Қазақстандық-сербиялық жұп «Ролан Гаррос» турнирінің финалына дейін бірнеше кезеңнен сәтті өтіп, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Бұған дейінгі өзара кездесулерде басымдық Данилина мен Крунич жағында болған. Алайда Франциядағы мейджор турнирінің финалынан кейін бұл текетірестегі көрсеткіш теңесті.

Финалдағы жеңіліске қарамастан, әлемдегі ең беделді теннис жарыстарының бірі саналатын «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шығу Анна Данилина үшін маңызды жетістік болды. Бұл нәтиже оның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі табысты өнер көрсету тарихын толықтыра түсті.

Наверх