Англияда табын сиыр 87 жастағы қарияны таптап өлтірді

24 Қыркүйек 2019, 01:44
4186
Бөлісу:
Англияда табын сиыр 87 жастағы қарияны таптап өлтірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай Сассекс қаласында болды, деп хабарлайды Daily Mail.
 

БАҚ мәліметінше, сиырлар әжей күшігімен серуендеп жүргенде шабуыл жасап, құлатқан. Зейнеткер орнынан тұруға оқталғанмен, ірі қаралар оған мұрша бермеген. Қансыраған қария өте ауыр жағдайда тікұшақпен Лондон ауруханасына жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Қазір табын сиырды басқа ауданға айдап әкетті, олар адамдардан оқшау жерде ұсталмақ.




 

Өзгелердің жаңалығы