Андрей Ремхе Азия чемпионы атанды

9 Маусым 2023, 12:38
565
Бөлісу:
Андрей Ремхе Азия чемпионы атанды
Фото: ҚР МСМ баспасөз қызметі

Таиландтың Районг қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында отандасымыз Андрей Ремхе мәре сызығын бірінші болып кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырды. Одан кейін қытайлық Жу Цзиньян мен үндістандық Мұхаммед Энди Ройан келді.

Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында (микс) Ұлттық құрама чемпион атанған. Ол кезде Қазақстан құрамасы сапында Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Марина Куьзмина жарыс жолына шықты, - делінген хабарламада.

Жалпы Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр. Мұнда Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынады. Чемпионат 13 маусымда мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы