Андрей Карпович «Қызыл-Жар» клубына бас бапкер болды

8 Қаңтар 2021, 15:35
1464
Бөлісу:
Андрей Карпович «Қызыл-Жар» клубына бас бапкер болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдың «Қызыл-Жар» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды. Клубты алдағы маусымда отандық маман Андрей Карпович жаттықтырады.

KazFootball.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, оның көмекшісі Юрий Чухлеба болмақ. Физикалық дайындыққа Борис Глушков жауап берсе, қақпашыларды Александр Петухов дайындайды.

Андрей Карпович футболшы ретінде екі рет Қазақстан чемпионы атанған. Екі рет ел кубогы мен суперкубогын жеңіп алған. Қазақстан және Ресей біріншілігінің қола жүлдегері. Ұлттық құрама сапында 55 ойын өткізген.

Спорттық карьерасын аяқтаған «Қайрат» командасында бас бапкердің көмекшісі болды. 2018 жылдың соңында бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Сол кезде ел кубогында топ жарды. Ал соңғы екі жылда «Оқжетпесті» жаттықтырды.

Өзгелердің жаңалығы