Қандастар қандай мәселені жиі көтереді

18 Маусым 2020, 11:58
1844
Бөлісу:
Қандастар қандай мәселені жиі көтереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат отырысында қандастарға қатысты сұрақ көтерілді.

Сенат депутаты Айгүл Қапбарова 2011 жылы жалпы сомасы 51 млрд 358 млн 481 мың теңгеге Қазақстанда цифрлық эфирлік телерадиоларды тарату және дамыту жобасы бойынша қаржылық-экономикалық жобасы енгізілгенін айтты.

Депутат осы бағытта қандай жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы Аида Ғалымқызына сұрақ қойды. 

28 млрд теңге қаражат есебінен 356 РТС салынса, 2015 жылы бұл жұмыс мүлдем тоқтатылып тұрды. Екіншіден, осы кезеңде елде валютаның 3 рет құнсыздануы болды. Бұл тікелей біздің жобамыздың жүзеге асуына кедергі келтірді. РТС құрылысына республикалық бюджеттен 22 млрд 988 мың теңге бөлінген болатын. Мердігерлер жұмысының салдарынан 119 РТС пайдалануға енгізілді, - деп жауап берді министр.  

Сондай-ақ, депутат шетелдегі қандастарымыздың қоныс аударуы үшін қандай қолдау шаралары жүзеге асырылып жатқаны бойынша сұрақ қойды.

Қандастарымызды қолдау - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығының бірі. Бұл жерде Отанға оралғаны бар, шетелде жүрген қандастарымызды бөліп-жармаймыз. Қазақ тілін оқыту бойынша бірыңғай әдістемелік құралдар әзірленді. Әлемдегі 12 мемлекеттің 23 қаласында қазақ тілін оқыту үшін 31 онлайн сыныбы ашылды. Олар қазір белсенді жұмыс істеп жатыр. Шетелде 250 қазақ орталығымен ынтымақтастық орнатылды. Қандастарды мемлекеттік қолдау туралы ҚР заң жобасын әзірледік. Қазір заң жобасының бюджеттік бағыты қарастырылып жатыр. Экономикалық зерттеу институтымен бірлесіп, кететін шығын мөлшерін анықтап жатырмыз, - деді ол. 

Өз кезегінде Сенат спикері Мәулен Әшімбаев қандастар азаматтық алу үшін құжаттарды рәсімдеу уақыты бір жылға дейін кетіп қалып жататынын айтты. 

Бүгінгі күні қандастарымыз осы мәселелер бойынша жарты жыл жүреді. Кейбіреуінікі бір жылға созылып кетеді. Сондықтан да қандастар осы мәселені жиі көтереді. Бүгінгі күні мемлекет тарапынан берілетін субсидия көлемі 833 мың теңге. Бұл баспана алуға жетпейтіні белгілі. Баспана алуға бастапқы сомасына да жетпейді. Кезекті бюджетті қарағанда осы мәселелерді де ескерейік. Қазіргі жағдайда берілетін субсидияны көтеріп беру мүмкін емес шығар. Алайда, басқа жолдарын қарастырайық. Арнайы бағдарламаларға қосылып жатса, алғашқы жарнасын төлеуге көмектесіп жатса, төмен пайызбен несие алып, баспана мәселесін шешіп жатса, үлкен көмек болар еді. Осы бағытта барлығымыз бірігіп жұмыс істейік, - деді Мәулен Әшімбаев.



Өзгелердің жаңалығы