#АнашымМаскаТақтыңызБа атты республикалық челлендж басталды

22 Шілде 2020, 11:44
2068
Бөлісу:
#АнашымМаскаТақтыңызБа атты республикалық челлендж басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде республикалық #АнашымМаскаТақтыңызБа челленджі басталды. Челлендждің бастамашысы "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова.


Динара Садвакасова барлық қазақстандықтарды #АнашымМаскаТақтыңызБа атты челленджді қолдауға шақырды.

Сонымен қатар, челленджді жасұландықтар және Ержан Максим, Аминка-Витаминка, Данэлия Тулешова, Адина-Мадина сияқты дарынды балалар қолдап жатыр.

Челлендждің негізгі мақсаты - аналарымыз бен жақындарымызға қамқор болу. Оған қатысу үшін маска киген анаңызбен бірге түскен суретті немесе видеоны әлеуметтік желілерге жариялап, #АнашымМаскаТақтыңызБа хештегін қойып, @jasulan_qz парақшасын белгілеу қажет, - деп жазды "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметі.


Өзгелердің жаңалығы