Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов анасы мен әжесі туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осындай жүрекке жақын, мағынасы терең мерекеде өміріме шапағат нұрын төккен екі аяулы жан – анам мен әжемді еске алғым келеді. Мен әжем Айымкүл Мамайқызы мен анам Зиякүл Бекмырзаевадан бірдей тәлім-тәрбие алып өстім. Бұл суретте мен әжемнің тізесінде отырмын, жанымда – ағам.«Судың да сұрауы бар» – бұл сөзді алғаш рет әжемнен естігенім есімде. Бәлкім, біз әжеміздің тәрбиесін көбірек көргендіктен болар, оның мейірімі мен даналығы бүгінге дейін бәрімізге жол сілтеп келеді. Анам 91 жас ғұмыр кешті. Сегіз құрсақ көтерген, мен – кенжесімін. Анамыз өмірінің әр кезеңінде бізге әке тұлғасын құрметтеуді үйретті, - дейді министр.
Ол осы тәрбие өзінің өз отбасында да жалғасып келеді деп айтты.
Заман өзгергенімен, отбасындағы әкені, үлкенді ардақтау – ешқашан ескірмейтін құндылық.Мейірім мен даналықтың мәңгі үлгісі – Аналарға мың алғыс! Аналар күні құтты болсын!- дейді Нұржан Нұржігітов.