Ана мен бала мемлекеттен қандай көмек ала алады?

22 Тамыз 2021, 10:00
14708
Бөлісу:
Ана мен бала мемлекеттен қандай көмек ала алады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы әйелдер мен балалар мемлекеттен қандай көмек ала алады. Осы жөнінде толығырақ тоқталып өтсек. 

Ана, әке және баланы қорғау мәселелері бірнеше заңнамалық актілерде, аиап айтсақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңдарда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде жазылған. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, елімізде балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың тұтас жүйесі жұмыс істейді, оған жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлем, бала тууына, көп балалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға жәрдемақы, мүгедек баланы бағумен айналысатын ата-аналарға арналған, сондай-ақ бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы кіреді, олар отбасының табысын есепке алмай төленеді. 

Жүкті әйелдерге, бала (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар беріледі: 

  • жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
  • жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс.
  • бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнтізбелік күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56). Ауыр босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күнді демалыс беріледі. Демалыстарды есептеу жиынтықтап жүргізіледі және демалыс әйелге босанғанға дейін нақты пайдаланған күндерінің санына және жұмыс берушідегі жұмысының ұзақтығына қарамастан, толық беріледі.
Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.  Осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі. 

Егер сіз декреттік демалыстан бір жылдан бұрын шығуды шешсеңіз – төлем үшін күдіктенбеуге болады, жұмысқа шығуыңыз төлемдерді тоқтату үшін себеп болмайды. 

Сондай-ақ, елімізде әлеуметтік төлемдердің бірнеше түрі бар

Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемді қалай есептеуге болады? 

Бұл төлем бір рет жасалады және тек жұмыс істейтін әйелдерге төленеді. Неге олай? Барлық жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушы, олар үшін жұмыс беруші ай сайын Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) аударымдар жасайды. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі әлеуметтік тәуекелдердің бірнеше түрін қамтиды: еңбекке қабілеттілігінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілік және босану, бала асырап алу бойынша, сондай-ақ бір жасқа дейінгі баланы күтуге байланысты табысынан айырылу бойынша. 

Орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік аударымдар бойынша нақты жұмыс істеген мерзіміне қарамастан әлеуметтік қатер туындаған күнге дейін соңғы 12 ай ішіндегі әлеуметтік аударымдар бойынша анықталады.

Әлеуметтік төлем мөлшерін білу үшін соңғы жылдағы орташа айлық табыс мөлшерін жұмысқа қабілетсіздік күндер санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек. 

Маңызды. Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері шектеулі. Ең төменгі жалақының 7 айлық табысының шегі бар (ЕТЖ), егер әйелдің жалақысы осы шектен асып кетсе, онда төлем мөлшері әлі де шекті мән негізінде есептеледі. ЕТЖ мөлшері -  42 500 теңге. Тиісінше, егер жалақы 297 500 теңге (7 ЕТЖ) сомасынан асатын болса, жәрдемақыны есептеу дәл осы 297 500 теңге сомасынан жасалатын болады. Мұндай төлемнің ең жоғары мөлшері -  1 124 550 теңге. 

Неліктен мұндай шектеу қолданылады? Себебі ай сайынғы әлеуметтік аударымдардың мөлшері үшін осындай шекті мән белгіленген, яғни 7 ЕТЖ асатын сомадан әлеуметтік есептеулер жүргізілмейді. 

Бұл ретте жұмыс беруші айырманы өтей алады, бірақ бұл жеке еңбек шартында көзделген жағдайда ғана.
Жүктілігі, босануы, баланы асырап алуы бойынша табысынан айырылуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар: 

  • Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда өтініш.
  • Жеке басын куәландыратын құжат.
  • Жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты берілген жұмысқа уақытша қабілетсіздігі парағы  (төменде сіз оны қалай алуға болатындығы туралы біле аласыз).
  • Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының (шотты кез келген ҚР ЕДБ ашуға болады), немесе түзету мекемесінің қолма қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы құжат.

Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар қосымша мынадай құжатты ұсынады: 

  • жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен бекітілген жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар бойынша салық төлеушінің жеке шотынан үзінді көшірме.

Баланың бір жасқа  толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады.  

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ер адамдарға төленетін баланың бір жасқа толғанға  дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бекітілген және: 

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК (16 802 тг) (әр ай сайын);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (19 865 тг)(әр ай сайын); 
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (22 899 тг) (әр ай сайын);
  • төрінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК  (25 962 тг) (әр ай сайын).

2021 жылы АЕК 2 917 теңгені құрайды. 

Ал жұмыс істейтіндер үшін бұл төлемнің мөлшері табыстың мөлшеріне байланысты өзгереді. Алайда бұл жерде де шектеулер бар: бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем 2021 жылы 119 000 теңгеден аспайды. Бұл 7 ЕТЖ-ның 40% - ы. Бұл ретте төлем мөлшері жұмыс істемейтін адамдардың жәрдемақысынан төмен бола алмайды. 

Баланың бір жасқа толуына дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттар:

  • Өтініш.
  • жеке басын куәландыратын құжат.
  • Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме.
  • банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы құжат. Шотты  кез келген ҚР ЕДБ немесе банктік операцияларды жүзеге асыратын  «Қазпошта» АҚ  сияқты басқа ұйымдарда  ашуға болады.  

Баланың тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы (барлық әйелдер үшін) 

Кімге тағайындалады. Осы жәрдемақы мемлекеттік бюджеттен барлық босанған, жұмыс істейтін, сондай-ақ жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалады.   

Бала тууына арналған жәрдемақы мөлшерін қалай есептеуге болады. Баланың тууына арналған жәрдемақының мөлшері бекітілген, бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК – және  төртінші және одан көп балаға - 63 АЕК құрайды. 

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау

  • жеке басын куәландыратын құжат.
  • өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат - сәйкестендіру үшін.
  • Қандас мәртебесі бар адамдар бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін қандас куәлігін ұсынады;
  • баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (азаматтық хал актілерін жазу органдары берген туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама);
  • өтініш берушінің деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда - неке қию (ерлі-зайыптылық), некені бұзу туралы куәлік;
  • Көпбалалы отбасылар мен көпбалалы ананың мәртебесі

Қазақстанда құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар болып саналады.Алты бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналарға "Күміс алқа" алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеген көпбалалы аналар "Алтын алқа" алқасымен марапатталады. 

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады: 

  • төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
  • бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
  • алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
  • жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
  • сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

·         «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы 

·         «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын 6,4 АЕК (18 669 тг) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
 

Өзгелердің жаңалығы