«AnadoluJet» Алматы мен Анкара арасындағы рейстерді іске қосты

20 Қараша 2022, 10:40
746
Бөлісу:
«AnadoluJet» Алматы мен Анкара арасындағы рейстерді іске қосты

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша үстіміздегі жылы шілдеде Қазақстан мен Түркияның авиациялық билігі Қазақстан мен Түркия арасында рейстер мен маршруттар санын ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы тапсырманың, сондай – ақ Қазақстандағы «ашық аспан» режимі шеңберінде ұшу географиясын одан әрі кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде бүгін 2022 жылғы 20 қарашада «Turkish Airlines» түрік авиакомпаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын «AnadoluJet» түрік бюджеттік тасымалдаушысының Алматы-Анкара жаңа бағытын ашу салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шара ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың, «AnadoluJet» компаниясы бас директорының орынбасары Маджит Боярдың және «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ президенті Альп Эр Тунг Ерсойдың қатысуымен өтті.

Рейстерді «AnadoluJet» тасымалдаушысы аптасына 2 рейс жиілігімен В-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.

Бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы, туризмді, бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді.

Анықтама:

AnadoluJet-түрік бюджеттік тасымалдаушысы, «Turkish Airlines» әуекомпаниясының еншілес кәсіпорны. 2008 жылы құрылған. Бірінші халықаралық рейс 2020 жылдың 11 маусымында орындалды.

Стамбул қаласының Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайында және Анкара қаласының Есенбога халықаралық әуежайында орналасқан.

Әуе кемелері паркінде 59 Boeing-737 типті әуе кемелері бар.

Түркияның, Еуропаның және Таяу Шығыстың 89 қаласына (41 ішкі және 48 халықаралық) 134 бағыт бойынша (69 ішкі және 65 халықаралық) ұшуды жүзеге асырады. 

Өзгелердің жаңалығы