Ана сүтін еміп өскен баланың интеллекті жақсы дамиды

2 Тамыз 2023, 21:14
1804
Бөлісу:
Ана сүтін еміп өскен баланың интеллекті жақсы дамиды
Фото: BAQ.KZ - архив

Омырау сүтімен қоректенетін нәрестелер интеллектуалды түрде жақсы дамиды. Артық салмақтан аз зардап шегеді және қант диабетіне бейім емес, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жыл сайын 1990 жылдан бастап тамыздың бірінші аптасында Дүниежүзілік омырау сүтімен қоректендіру апталығы өтеді. Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, әр нәресте және басқа жас топтары дұрыс тамақтануға құқылы. Омырау сүтімен қоректендіру - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 170 ел, оның ішінде Қазақстан қабылдаған бағдарламасы.

Омырау сүтімен қоректендіру - баланың денсаулығы мен өмір сүруін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістерінің бірі. Емшек сүті - нәрестелер үшін тамаша тағам. Ол қауіпсіз, зиянсыз және көптеген аурудан қорғауға көмектесетін антиденелерден тұрады. Омырау сүтімен қоректенетін нәрестелер интеллектуалды түрде жақсы дамиды, артық салмақтан аз зардап шегеді және қант диабетіне бейім емес. Омырау сүтімен қоректендіретін әйелдерде сүт безі мен аналық без қатерлі ісігінің даму қаупі де төмендейді, - дейді мамандар.

Нәрестелерді туғаннан бастап 23 айға дейін оңтайлы омырау сүтімен қоректендіру жыл сайын бүкіл әлем бойынша 820 мың баланы құтқаруға мүмкіндік береді. Бізде омырау сүтімен қоректендіруге үлкен мән беріледі. Омырау сүтімен қоректендіру - ананың баламен эмоционалды байланысын күшейтетін, баланың психофизикалық дамуына жалпы қолайлы дамуды қамтамасыз ететін маңызды процестердің бірі.

Болашақ аналарды омырау сүтімен қоректендіруге дайындау әйелдің жүктілік кезеңінде оның денесінің физиологиялық өзгерістерін, баланы кеудеге салу тәсілдерін және тамақтандырудың жалпы ережелерін түсіндіруден басталады.

Бүгінгі таңда елімізде 0-ден 6 айға дейінгі 180 мың бала тек омырау сүтімен қоректенеді. Сондай-ақ 2 жасқа дейінгі 568 мың бала қосымша тамақтандырумен бірге омырау сүтімен қоректенеді.

Өзгелердің жаңалығы