ҚР АШМ: Еліміз егістік тұқымымен толық қамтамасыз етілген

5 Ақпан 2020, 10:48
1479
Бөлісу:
ҚР АШМ: Еліміз егістік тұқымымен толық қамтамасыз етілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР АШМ мемлекет көлемінде 2020 жылға арналған қанша егістік тұқымы барын хабарлады.

Облыс әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес ағымдағы жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша 2459,2 мың тонна тұқым даярланған, бұл жоспардың 99,7%-ы.

Оның ішінде дәнді дақылдар тұқымы – 1936,0 мың тонна (жоспарға 100,1%), майлы дақылдар – 89,1 мың тонна (жоспарға 99,0%), жем-шөп - 15,2 мың тонна (жоспарға 91,3%), картоп – 417,6 мың тоннаны (жоспарға 98,5%) құрайды. Қызылорда (83,8%), Ақтөбе (91,1%), Қостанай (98%) және Шығыс Қазақстан (99,3%) облыстарында тұқым толық көлемде жиналмаған. Нақты айтсақ, дәнді дақылдар тұқымдары Ақтөбе облысында - 93,1%, Қостанай облысында 97,9%-ға, майлы дақылдар тұқымдары Шығыс Қазақстанда - 84,8%, Қызылорда - 87,7% және Павлодар облысында - 88,8% пайызға ғана қамтамасыз етілген. Жем-шөп дақылдарының тұқымдары төмен көлемде жиналуы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Онда жоспарланған тұқым көлемінің 64,3%-ы ғана, ал Ақтөбе облысында (64,7%), Батыс Қазақстан (69,6%) және Қызылорда облысында (86,7%) дайын. Картоп тұқымының Ақтөбе облысынан басқа (82,1%) барлық республика бойынша қажетті көлемі бар - делінген хабарламада. 

Егіс науқаны басталғанға дейін аталған облыстарда тұқымдардың жетіспейтін көлемін облыс ішінде, республиканың басқа облыстарынан тұқым сатып алу және импорт есебінен толықтыру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы