ӘМСҚ елорда филиалына І жартыжылдықта тұрғындардан 76 мыңнан астам өтініш түскен

26 Тамыз 2021, 09:34
1506
Бөлісу:
ӘМСҚ елорда филиалына І жартыжылдықта тұрғындардан 76 мыңнан астам өтініш түскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қордың 1406 байланыс орталығына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 шілдесі аралығында медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша 76 520 өтініш тіркелген, олардың бәрін халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің мамандары қарастырды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Ал СРМ Айкей-де 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 1165 шағым (2020 жылы осы аралықта – 467 шағым) тіркелген, олардың бәрін халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің мамандары қарады. Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылар саны артқан кезде Қордың қызмет жеткізуші – медицина ұйымдарында жоспарлы көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша тұрғындар тарапынан түскен шағым 40,1%-ға көбейген.

Медициналық ұйымдар өз іштеріндегі пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын жолға қоюы, тіркелген тұрғындардың қажеттіліктерін ескеріп, олардың шешімін табуына мүдделі болуы тиіс. Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиісті көңіл бөлінбегендіктен, Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына жүгініп, өз құқықтарын қорғауға, мәселелерін шешу жолдарын Қор арқылы іздеуге мәжбүр, - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елорда филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Егер медицина ұйымында қызмет көрсету кезінде түсінік таба алмасаңыз, пациент ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керектігін еске салғымыз келеді.

Ең алдымен, тұрған жеріңіз бойынша тіркелген медицина ұйымындағы Пациентті қолдау және ішкі сараптау қызметіне жүгіну керек. Ол медициналық қызмет көрсетуді, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуі мен клиникалық қызметіне ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды. Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін, пациенттердің шағымдарын қараумен айналысады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кеңес алуға немесе шағым қалдыруға болатын бірнеше кері байланыс арналары бар.

Шағымдар мен өтініштердің ең көбі 1406 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түседі. Өтініштер санаты мен күрделілігіне қарай ақпаратты өңдеудің үш деңгейлі моделі бойынша қаралады және бөлінеді.

Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшінші деңгейге егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер кіреді. Қор филиалының мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратып, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.


Өзгелердің жаңалығы