кәсіпкерлік
-
Еңбек адамының жаңашыл бастамасы
Жамбыл ауданы, Қызылдихан ауылы биыл тағы бір қуанышты жаңалыққа куә болды. Ауылдың еңбек адамы Ардақ Қосыбаев өзінің ерекше еңбегімен ел назарына ілікті. Ардақ мырза көп жылдар бойы төрт түлікпен айналысып келді. Ол жылдар бойы мал шаруашылығын дамытып, ауылға үлгі болды. Ал биылдан бастап Ардақ Қосыбаев жаңа бір қадамға бет алды. Енді ол аймақта балық шаруашылығын дамытуға үлес қоспақ ниетте. BAQ.KZ тілшісі балық баққан шаруамен жүздесті.
19.12.2025
-
Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?
Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл режим аз мөлшерде табыс табатын азаматтарды, сондай-ақ қызметкерлерді тартпай, іс-шараларды эпизодтық негізде жүзеге асыратындарды, оның ішінде интернет-платформалар арқылы жұмыс істейтіндерді қолдауға бағытталған. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті BAQ.kz редакциясының сауалына берген жауабында жаңалықтың егжей-тегжейін түсіндіріп, қандай тұлғалар осы режимді пайдалана алатынын нақтылады.
15.12.2025
-
100 адамнан түскен 1 млн теңге: "Бата жинау", "Құттықтау" аударымдары қалай тексеріледі?
2026 жылдан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру жаңа тәртіппен жүргізіледі. Жасырын кәсіпкерлікке күдік туған жағдайда салық органдары азаматқа хабарлама жіберіп, есепшотты бұғаттауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.12.2025
-
Ақордада төселетін кілемдер Шымкенттен шығады: 500 адамды жұмыспен қамтитын отандық өндіріс
Шымкент қаласындағы “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймағында орналасқан “Bal Textile” кілем фабрикасы – еліміздегі толық цикл бойынша жұмыс істейтін бірегей кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын директоры, Шымкент қаласы “Атамекен” өңірлік кеңесінің мүшесі Талғат Ысқақов Президентпен кездесу кезінде фабриканың жұмысы, өндіріс көлемі, өнім сапасы және мемлекеттің кәсіпкерлікке көрсетіп отырған қолдауы туралы кеңінен баяндап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
05.12.2025
-
Тың мүмкіндіктерді барынша пайдалануымыз керек – Тоқаев
Мемлекет басшысы Үкіметке кәсіпкерлердің жаңа Салық кодексінің кейбір нормаларын іске асыру мәселесіне қатысты өтініштерін мұқият саралауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
05.12.2025
-
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығы лауреаттарын, сондай-ақ «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.12.2025
-
Негізгі мәселенің бәрі жеке бақылауымда – Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шикізаттық емес экспорт көлемі 2 есеге жуық ұлғайғанын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
05.12.2025
-
Қайтарымсыз грант: Биыл 200-ге жуық ұлытаулық жас кәсіпкерге қаржы берілді
Биыл 195 ұлытаулық жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант қаражаты берілді. Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.12.2025
-
"Даму" қоры цифрлық теңгемен алғашқы несие берді
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6%-бен Halyk Bank арқылы берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.12.2025
-
Салық кодексі: Жаңа жылдан бастап бизнеске қандай жеңілдік беріледі?
Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте 2026 жылдың қаңтарынан бастап енгізілетін жаңа Салық кодексін түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
28.11.2025
-
Туған жерге туын тіккен еңбек адамы
BAQ.KZ тілшісі туған жерге туын тігіп, тірлігін тіктеген қарапайым еңбек адамымен жүздесті. Кәсіптің көзін тауып, жетістікке жете бастағаннан-ақ ауылын көркейтуді мақсат тұтқан азаматтың өмір салты көз қуантарлық, кісі қызығарлық.
27.11.2025
-
Еңбектің күші – отбасының тірегі
Еңбекке адалдығы, табандылығымен ерекшеленетін мыңдаған қазақстандық жұмысшылардың бірі – Жамбыл облысының қарапайым ғана ауылында тұратын Дәурен Абдірасилов. Оның әр күні еңбекке арналғаны, әр істі жауапкершілікпен атқарады. BAQ.KZ тілшісі тынымсыз тіршіліктің тегеурінді жұмысшысымен сұхбаттасып қайтты.
26.11.2025
-
Мобильді аударым: Кімнің шоты тексеріледі?
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдегендей, бұл тетік жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтап, көлеңкелі айналымды азайтуға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
14.11.2025
-
Бақытты әйел, білікті маман және табысты кәсіпкер
Қазіргі заманда кәсібін сүйіп, сонымен қатар отбасы мен балаларға уақыт табатын әйелдердің үлгісі көп. Солардың бірі – жоғары санатты дәрігер, кәсіпкер және үш баланың анасы Айзада Бақытжанқызы Копбосынова. Сауатты, қолы жеңіл, жұрт мақтаған стоматологпен BAQ.KZ тілшісі де әңгімелесіп қайтты.
31.10.2025
-
"Әйел адам бәріне үлгереді" – кәсіпкер Гүлмира Іздібайқызы
Ауылда тұрып, алыстағы арманына қол созған небір жайсаң жандар бар. Бірі – ісмер, бірі – шебер. Олардың қатарында өзін өрге сүйреп, өзгені өмірге бейімдеген кәсіпкер әйел-аналар жетерлік. Соның бірі – қолөнер шебері Гүлмира Іздібайқызымен BAQ.KZ тілшісі әңгімелесіп қайтты.
30.10.2025
-
Бизнесті мемлекеттік қолдау: 26 мыңнан астам жобаға 1,3 трлн теңге бөлінді
Елде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған кешенді шаралар өз нәтижесін беруде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,3 трлн теңгеге жуық 26 мыңнан астам бизнес-жоба жеңілдікпен қаржыландыру тетіктері арқылы қолдау тапты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29.10.2025
-
Онлайн-сауда мен коммуналдық салада бақылау күшейеді
Сенаттың кеңейтілген отырысында депутаттар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
23.10.2025
-
Кәсіпкерлер жаңа Салық кодексіндегі шектеулердің тиімділігіне күмән келтірді
Кәсіпкерлермен өткен кездесуде үкімет өкілдері жаңа Салық кодексінде қарастырылған өзгерістерді түсіндіріп, шағын және орта бизнес өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.10.2025
-
1,7 миллион кәсіпкер жеңілдетілген салық режимінде қала береді – депутат
Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі Президент тапсырмасына жауап ретінде Үкімет тарифтер мен бензин бағасының өсуін тоқтатуға, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген салық режимін сақтауға бағытталған шараларды ұсынды. Бұл шағын және орта бизнесті қолдауға және көлеңкелі экономикаға көшу қаупін азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.10.2025
-
Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа тетіктері пайда болмақ
Қазақстанда шағын және орта бизнеске (ШОБ) арналған мемлекеттік қолдау жүйесі жаңаша форматта дамып келеді. Үкімет кәсіпкерлерге жеңілдікпен қаржы алуға, кепілдік тетіктерін кеңейтуге және цифрлық мониторинг жүйесін енгізуге басымдық беріп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.10.2025