Ақтау
-
Бомба туралы жалған хабарлама таратқан күдікті ұсталды
Ақтауда "жарылғыш зат қойылды" деген көрінеу жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.11.2025
-
Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт шығып, жеңіл көлік өртенді
Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт болып, жеңіл көлік алапат отқа оранды. Оқиға туралы мәліметті өңірлік ТЖД растады. Бұл туралы BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
23.11.2025
-
Ақтауда меценаттарға "Жомарт жан" сыйлығы табыс етілді
Қайырымдылық жасаудан таймайтын пейілі кең жандар дәстүрлі «Жомарт жан» сыйлығымен марапатталды. Салтанатты рәсім «Достық» үйінде өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, сенаторлар, жергілікті мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер мен волонтерлер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
19.11.2025
-
Жаңаөзеннен Кендірліге дейін: Маңғыстаудың индустриялық картасы қалай өзгереді?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірге отандық және шетелдік инвесторларды көптеп тарту үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА әлеуетін дамытуды тапсырған болатын. Осы бағытта облыс әкімдігіне Үкіметпен бірлесе отырып экономикалық аймақтың аумағын және басым қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту жөнінде нормативтік-құқықтық актілер қабылдауды қамтамасыз ету жүктелген еді. Бұл бағытта Маңғыстау облысы әкімінің бастамасымен кешенді жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18.11.2025
-
"Саусағына ота жасау керек": Ақтау әуежайы эскалаторда қолын қысқан балаға 2 млн теңге өтемақы төлейді
Ақтау әуежайында жазатайым оқиға болып, 2 жасар қыз бала эскалатордан жарақат алған. Сот әуежай қызметкерінің кінәсін растап, баланың анасына моральдық өтемақы ретінде 2 млн теңге төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
17.11.2025
-
Әскери ант қарсаңында 600 жас сарбаз ең ауыр сынақтардан өтті
Маңғыстау облысындағы «Оймаша» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы теңіз жаяу әскерлері бригадасының 600-ден астам жас сарбазы алғаш рет жауынгерлік дайындық бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14.11.2025
-
Көлік салығын төлемеген жүргізуші темір тұлпарынан айырылды
Ақтауда көлік салығын төлемеген борышкерлерді анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр. Тексеру барысында бір тұрғынның автокөлігі заңнамаға сәйкес айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
12.11.2025
-
Ақтауда І Халықаралық жастар форумы басталды
Ақтауда І Халықаралық «Aktau Youth Forum» жастар форумының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
06.11.2025
-
Жылу құбырындағы апат: Ақтауда бірнеше үй жылусыз қалды
Ақтаудағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің тұрғындары пәтерлерінде жылу болмағандықтан, наразылық акциясын өткізуге дайындалған. Қала әкімдігі жағдайға араласып, мәселені бақылауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
06.11.2025
-
Ақтауда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жасар қызды көлік қағып кетті
Ақтауда 26-шағын ауданда жол-көлік оқиғасы орын алды. Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
05.11.2025
-
Ақтауда стихиялық қоқыс үйіндісі ұлғайып барады: тұрғындар биліктен көмек сұрайды
Ақтаудың 20-шағын ауданындағы №5 үйдің артында бірнеше апта бойы рұқсат етілмеген қоқыс полигоны пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
03.11.2025
-
Ақтауда сот 10 баланың анасын айыппұлдан толық ақтап шықты
Ақтау қаласында сот 17 жастағы қызының уақытша жұмыс істегені үшін айыппұл салынған көпбалалы ананың пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31.10.2025
-
Ақтаудағы тұрғын үйде болған жарылыс: "QAZAQGAZ AIMAQ" түсініктеме берді
Ақтау қаласындағы тұрғын үйдің жертөлесінде болған жарылыстан кейін "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Ақтаудағы газ баллонының жарылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ақтаудағы газ баллонының жарылуына қатысты өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Ақтаудағы газ баллоны жарылысы: бір адам жансақтау бөлімінде жатыр
Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы Ақтаудағы тұрғын үйдің жертөлесінде болған газ жарылысы кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Ақтауда көпқабатты үйдің жертөлесінде жарылыс болды
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінде газ-ауа қоспасы жарылып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
28.10.2025
-
Ақтауда мотоциклші жылқымен соқтығысып, мерт болды
Ақтаудағы Rixos қонақ үйінің маңында 25 қазанға қараған түні қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
26.10.2025
-
Ақтауда полиция қызметкері жол апатына ұшырап, қайтыс болды
Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25.10.2025
-
Ақтаудағы көпқабатты үй тұрғындары бір аптаға жуық сусыз отыр
Ақтаудың 11-шағын ауданындағы №8А үй тұрғындары бірнеше күннен бері ауыз сусыз отыр. Олардың айтуынша, жоғарғы қабаттарға су жеткізетін сорғы істен шыққан, соның салдарынан 50-ге жуық пәтер қарапайым тұрмыстық қажеттіліктерден айырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
19.10.2025
-
Ақтауда құлаған ұшақтың тағы бір жолаушысы қайтыс болды
2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының ауыр жарақат алған жолаушысы, Әзербайжан азаматы Нурулла Сираджов көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
19.10.2025