Кеше 2026, 22:24 Фото: lada.kz

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде робот-даяшы қызмет көрсете бастады

Робот арнайы бағдарламамен жабдықталған және қызмет көрсету процесін автоматтандыруға бағытталған.

Ақтау қаласындағы мейрамханалардың бірінде келушілерге робот-даяшы қызмет көрсете бастады. Бұл туралы өңірлік қоғамдық коммуникациялар орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа технология 9А шағын ауданда орналасқан қоғамдық тамақтану орнында енгізілген. Робот қонақтарды қарсы алып, тапсырыстарды жеткізіп, ыдыс-аяқты жинауға көмектеседі.

Жобаны іске асырған Roboticss.kz компаниясының негізін қалаушы Ризалық Наймановның айтуынша, басты мақсат – қызмет көрсету саласына инновация енгізумен қатар, жастар арасында робототехника мен жасанды интеллектке қызығушылықты арттыру.

Маманның сөзінше, мұндай шешімдер цифрлық технологияларды бизнесте қолдануды кеңейтіп, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Робот арнайы бағдарламамен жабдықталған және қызмет көрсету процесін автоматтандыруға бағытталған.