Бүгiн 2026, 15:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Бомба іздеу: Ақтаудағы ірі сауда орталығы қоршауға алынды

Жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Ақтауда саперлер сауда орталығынан бомба іздеді.

Жедел басқару орталығының «102» арнасына «Ардагер» сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі жіберілді. Ғимарат пен оған іргелес аумаққа мұқият тексеру жүргізілді. Тексеру барысында ешқандай күдікті заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта көрінеу жалған ақпарат берген тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті ескертеді: терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді, халық арасында үрей туғызады және төтенше жағдайлар қызметінің күштерін өздерінің тікелей міндеттерін орындаудан алаңдатады.

Азаматтарды сабыр сақтауға және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз, - дейді құқық қорғаушылар. 

Еске салайық, бұған дейін Абай облысында "әзілкеш" Instagram-дағы жазбасы үшін 11 жылға сотталды.

Тағы оқи отырыңыздар:

Алматы облысында газ жарылды: Зардап шеккендердің үшеуі – бала

Ақтөбеде пауэрбанк жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды

Щучинскідегі жарылыс: Ведомствоаралық комиссия тергеуді бастады