Анықтама

Сақыпкереев Асқар Жоламанұлы

1648

Қазіргі лауазымы: 


Туған жылы: 1958 жылы 02 қараша

Туған жері: Солтүстiк Қазақстан облысы Сергеевка ауданының Марьевка ауылында туды.

Білімі: Целиноград ауыл шаруашылығы институтын,

Алматы саясаттану және басқару институтын,

Қазақстан-Ресей университетiн «ғалым-агроном», «саясаттанушы», «юриспруденция бакалавры» мамандықтары бойынша тамамдаған.


Еңбек жолын 1981 жылы Булаев ауданы Қарақоға кеңшарында агроном-тұқым өсiрушi болып бастады.


Әр жылдары Булаев аудандық комитетiнiң және Солтүстiк Қазақстан облыстық комсомол комитетiнiң екiншi, бiрiншi хатшысы, сондай-ақ «Интер» шағын кәсiпорны директорының орынбасары, ғылыми-өндiрiстiк еңбек биржасы директорының орынбасары қызметiн атқарды.


1994-2004 жылдары әртүрлi коммерциялық ұйымдарды басқарды.


2004-2017 жылғы ақпан аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының басшысы болып қызмет еттi.


2017 жылғы 1 наурыздан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

2021 жылы зейнет демалысына шықты


Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, «Ерен еңбегi үшiн» медалiмен, «Қазақстан тәуелсiздiгiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы