Жалпы жаңалықтар
-
Қарағандыда «Музей түні-2022» шарасы өтті
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Ғасырға қадам-«MUSEUM-90» атты «Музей түні-2022» акциясы өтті.
19.05.2022
-
«Музей түні-2022». Алматыда ерекше археологиялық артефактілер халық назарына алғаш рет ұсынылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Орталық музейде «Музей түні-2022» шарасы аясында «Қайта жарқыраған жауһарлар – Аралы» атты көрме ашылды.
18.05.2022
-
Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Атакент көрме орталығының №9 павилионы өртке оранды.
18.05.2022
-
Түркі жазуы күні түрколог ғалым марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықарарылық Түркі академиясында белгілі түркітанушы ғалым, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлының 75 жылына арналған жиын өтті.
18.05.2022
-
Алматыда «Жаңа Қазақстан – екінші Республика» пікірсайыс турнирі өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Алтын Сапа» интеллектуалды пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан – екінші Республика» атты пікірсайыс турнирі өтті.
18.05.2022
-
Қоғамдық штаб көпбалалы аналармен референдум бойынша кездесу өткізді
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін қалалық орталық кітапханада Түркістан облысының «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсенбаев көпбалалы аналармен кездесу өткізді.
18.05.2022
-
Мәжіліс депутаттары халықты жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына барып, «Масло-Дел» ұжымымен кездесті. Онда депутаттар кәсіпорын қызметкерлеріне Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы айтты, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
18.05.2022
-
Референдум – үлкен өзгерістердің басы – Мынатаубиік Әнесов
Батыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Орал қаласында қоршаған ортаны қорғауға қатысты мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері 5 маусым күні жалпыхалықтық референдумда Конституцияға енгізілетін өзгерістерді талқылады.
18.05.2022
-
Тоқаевтың кітабы, криминалист қорабы, қылмыскердің қаруы. Көшпелі музей қызығы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халықаралық музейлер күніне байланысты ІІМ ішкі істер органдары музейінің экспозицияларын «Алатау» спорт кешенінде таныстырды.
18.05.2022
-
Әр адам ілім-білімге, қоғамға пайда тигізуге тырысуы керек - Күйіков
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елімізге танымал суретші, антиядролық қозғалыстың мүшесі Кәріпбек Күйіков 1968 жылдың 18 шілдеде бұрынғы Семей облысы Егіндібұлақ ауданында (қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) дүниеге келген. Суретшінің туған жері Семей полигоны орналасқан аймақтан 100 шақырымдай ғана қашықтықта болған.
18.05.2022
-
Былтыр алматылық 130 қаламгердің кітабы шықты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылы Алматы әкімдігінің қолдауымен 130 алматылық қаламгердің кітабы жарық көрді. Бұл туралы Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы барысында айтты.
18.05.2022
-
Жазушы Аягүл Мантайдың кітабы жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Жазушылар одағында өткен дәстүрлі әдеби жыл қорытындысы барысында былтыр өмірден өткен жас жазушы Аягүл Мантайдың «Уақыттың көз жасы» атты кітабының тұсауы кесілді.
18.05.2022
-
Щучинскіде базар өртеніп, бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 мамыр сағат 04:50-де Ақмола облысы, Бурабай ауданының Щучинск қаласында «Жомарт» базарының бір қабатты жеке тұрған ғимараты өртеніп кетті.
18.05.2022
-
Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.
17.05.2022
-
Референдум. Партиялық емес байқау орталығы оқыту іс-шараларын бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда байқауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өңірлік штабтардың басшыларымен семинар-кеңес өткізді.
17.05.2022
-
Белгілі түркиялық дәрігер елордада балаларға ота жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында бірнеше күрделі ота жасалды. Операцияларды еліміздің білікті дәрігерлерімен қоса, Түркиядан арнайы келген белгілі хирург Бурак Тандер жасады. BAQ.KZ тілшісіне ота процесіне қатысудың сәті түскен болатын.
17.05.2022
-
Қарағандыда ерекше спортшылар арасында облыстық жарыс басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі жылдық үзілістен кейін Қарағандыда тірек-қимыл аппараты бұзылған, есту және көру мүшелері зақымданған мүгедек спортшылар арасында дәстүрлі облыстық спартакиада басталды.
17.05.2022
-
Депутаттар еңбек ұжымымен кездесті
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Әділетті Қазақстан құруда сіз бен біз жауаптымыз. Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Атырау жылу электр орталығының еңбек ұжымымен жүздесіп, ата заңымызға енетін өзгерістерді түсіндірді.
17.05.2022
-
«Штурм» фильмі Лос-Анджелесте өткен фестивальде Гран-приге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әділхан Ержанов түсірген жаңа кинотуынды LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесіне (Grand Jury Award for Best Narrative Feature) ие болды.
17.05.2022
-
Әскерилер Текелідегі ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері Текелі қаласында ТЖ салдарын жоюға жұмылдырылды.
16.05.2022