Жалпы жаңалықтар
-
Павлодарда қоғамдық этнографиялық музей ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында қоғамдық этнографиялық музей ашылды. Рухани азық ордасының жәдігерлерін жинауға жергілікті тұрғындар мен саяхатшылар атсалысты.
18.07.2022
-
Ақтөбе облысында болған өрттен екі техника мен ғимарат өртеніп кетті
Ақтөбе облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысының Алға ауданындағы «Лиман Газ» газ құю бекетінде болған өртте бір жеңіл автокөлік, бір жүк тиегіш техника, сондай-ақ жалпы ауданы 22 шаршы метр болатын ғимарат өртеніп кетті.
18.07.2022
-
Асар дәстүрін қайта жаңғыртқан қайырымдылық шеру елордадан басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда ипподромдарының біріндегі этно ауылда құрылтай форматында «Asar Ume» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Asar joly» қайырымдылық марафоны басталды.
16.07.2022
-
«Asar joly» қайырымдылық марафоны 20 мың шақырымды жүріп өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда ипподромдарының біріндегі этно ауылда құрылтай форматында өткен іс-шарада «Asar Ume» қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев айтты.
16.07.2022
-
Короновирустың таралмауы бойынша тапсырмалар берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.
15.07.2022
-
Гроссмейстер туристік сала өкілдерімен бірсеанстық ойын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілде – Халықаралық шахмат күні. Атаулы датаға орай, «Visit Shymkent» орталығы туристік индустрия өкілдерінің арасында шахматтан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаевамен бірсеанстық ойын ұйымдастырды.
15.07.2022
-
Алматыда үздік жас күйшілер марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда «Жастар арасында мемлекеттік тілді кеңінен танымал ету жөніндегі іс-шараларды өткізу» жобасы аясында республикалық «Күй құдіреті» байқауы аяқталды. Оны өткізудегі мақсат – күй арқылы жастардың бойында тарихына, тіліне, мәдениетіне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
15.07.2022
-
Мердігерлерге жолдардағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысовтың бірінші жұмыс сапары Абай өңірінде өтті.
15.07.2022
-
«Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде тренинг өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 2022 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Tomiris» ақпараттық-білім беру бағдарламасы шеңберінде
Нұр-Сұлтан қаласы мен өңірлердегі әйелдер қозғалысының белсенді өкілдеріне арналған алғашқы тренинг бастау алды.
15.07.2022
-
Жауынгер Артур жеңімпаз
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылық аумағы бойынша «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті.
15.07.2022
-
Қостанайда 100 оқушы этнолагерьде демалды
Қостанай облысы,BAQ.KZ тілшісі. Балалар жылы аясында Қостанай облысында жүз оқу озаттарының басын біріктірген бір күндік этнолагерь ұйымдастырылды.
15.07.2022
-
Тасты кентінде алғашқы қайырымдылық спорт залы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан халқына» Қоры мен «Батыр боламын!» Қоғамдық қоры бірлесіп, Ақмола облысының Тасты кентінде балаларға арналған қайырымдылық спорт залын ашты.
15.07.2022
-
ІІМ-де қылмыспен күрес жолдары айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігінде алты айдың жұмысы қорытындыланған алқа отырысы өтті. Алғаш рет ашық форматта ұйымдастырылған шараға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Қанат Сейдғапбаров, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қауіпсіздік және құқық тәртібін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, Бас прокурорының міндетін атқарушы Тимур Тәшімбаев және ведомствоның қоғамдық кеңес мүшелері, қызмет басшылары қатысты.
15.07.2022
-
Елордада Мичиган университеті филиалының алғашқы кірпіші қаланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Мичиган университетінің филиалы ғимаратының алғашқы кірпіші қаланды.
14.07.2022
-
Аймағамбетов терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарған оқушымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткелі тұрған баланы аман алып қалған елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековпен кездесті.
14.07.2022
-
Президент Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнаулы өкілі Тери Хакаламен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестіктің өзекті мәселелері талқыланды.
14.07.2022
-
Волейболдан 20 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы XXI Азия чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 20 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында волейболдан 21-ші Азия чемпионаты аяқталды.
13.07.2022
-
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында ҰҚК органдарының ардагерлерін, офицерлері мен қызметкерлерін құттықтап, олардың Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.
13.07.2022
-
Елімізде ЖОО құжат қабылдау жүргізіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін еліміздің бүкіл өңірлерінде жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталды.
13.07.2022
-
Шымкентте жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан жазғы чемпионат өтіп жатыр
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Шымкентте өрт сөндіру-құтқару спортына мықты жаөспірімдер жиналып, бабын сынап жатыр. Мұнда Өрт сөндіру-құтқару спортынан жасөспірімдер арасында XII жазғы чемпионат басталды. 17 команда өтініш берген ел біріншілігінің жеребе тастау рәсімі 11 шілдеде өтіп, 12 шілдеде ресми ашылу салтанаты болды.
13.07.2022