Жаңалықтар
-
Ақмола облысының Зеренді ауданына әкім тағайындалды
Аcтана, BAQ.KZ. Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Зерендi ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің сайты хабарлады.
19.03.2019
-
ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 100 түп бөртегүл егілді
Алматы, BAQ.KZ. Қаланы көгалдандыру мақсатында бүгін Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының қолдауымен Жас натуралистер станциясының белсенділері ҚР Тұңғыш Президенті саябағы аумағына 100 түп бөртегүл отырғызды.
19.03.2019
-
Ұлттық мұражайда ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың тұсауы кесілді
Астана, BAQ.KZ. Іс-шара ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау мақсатында өткізілді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
19.03.2019
-
Наурыз мерекесінде елордада қандай ауа райы күтіледі?
Астана, BAQ.KZ. Алдағы күндері қалада сынап бағанасы 5 градус жылылықты көрсетеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
19.03.2019
-
Алматы әлемдегі ең арзан қалалар рейтингінде төртінші орында
Алматы, BAQ.KZ. Алматы өмір арзандығы бойынша әлемнің 113 қаласының ішінде төртінші орынды иеленді. Аталған рейтингті британиялық Economist Intelligence Unit (EIU) ұйымының сарапшылары жасаған.
19.03.2019
-
Лондон кітап көрмесінде қазақстандық баспа өнімдері таныстырылды
Астана, BAQ.KZ. Ұлыбританияда өткен кітап көрмесі (London Book Fair) аясында қазіргі қазақстандық баспа саласының туындылары таныстырылды.
19.03.2019
-
Үйі бар көпбалалы аналарға жөндеу жұмыстары жағынан да көмек көрсетіледі
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Көпбалалы аналарға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үш бағытта жұмыс жүргізілуде. Бұл туралы «Қазақстан балалары» қайырымдылық қорының басшысы Гаухар Танашева «ARUANA» Қазақстан әйелдер құрылтайының құрылғанына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты.
19.03.2019
-
Қостанайда «Бастау Бизнес» бойынша алғашқы 500 адам оқуға кірісті
Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қостанай облысында «Бастау Бизнес» жобасы басталды. Осы жылы мыңнан астам сертификат өз иесін табады. Ал 18-29 жас аралығындағылар «Жас кәсіпкер» жобасы арқылы оқытылады. Бұл жөнінде Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржысыз қолдау бөлімінің басшысы Роберт Юсупов мәлімдеді.
19.03.2019
-
190 млн теңге салықтан жалтарған күдікті елімізге экстрадицияланды
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Бас прокуратура мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері экономикалық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Беларусь мемлекетінен Эдуард Масловты экстрадициялады. Бұл туралы Бас прокуратураның сайты хабарлады.
19.03.2019
-
Елордада көктемгі су тасқынына дайындық жүргізілуде
Астана, BAQ.KZ. Жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
19.03.2019
-
«Астана Опера» көрермендерге жаңа жоба ұсынбақ
Астана, BAQ.KZ. «Астана Опера» Камералық залы сахнасында «Piccolo Театры» немесе «Шағын театр» атты жаңа жоба ұсынылмақ. 6 және 7 сәуір күндері Дж.Россинидің «Жібек саты» бір актілі опера-фарсының премьерасы өтеді.
19.03.2019
-
Елімізде жыл сайын 400-ге жуық әйел күйеуінің қолынан мерт болады – дағдарыс орталығы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі отбасылық жағдайды түзету мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Оның ішінде алимент төлеу бойынша ата-ананың жауапкершілігі мен ролі де қаралады. Бұл туралы «Тұрмыстағы зорлыққа қарсы дағдарыс орталығының» директоры Зульфия Байсақова «ARUANA» Қазақстан әйелдер құрылтайының құрылғанына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында айтты.
19.03.2019
-
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.
19.03.2019
-
Студенттер Шекспирдің туындысын сахналады
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің драма театры актерлерін даярлайтын бөлімін биыл тәмамдайтын студенттер У.Шекспирдің атақты «Макбет» трагедиясын сахналады.
19.03.2019
-
Түркістан облысында мұражай салынуда
Астана, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.
19.03.2019
-
«Қазпошта» цифрлық жобаларды дамытуда
Астана, BAQ.KZ. Өткен жылы компанияның қол жеткізген маңызды жетістіктерінің ішінде - франчайзингтік бөлімшелер желісін, цифрлық кеңселерді, онлайн қызметтерді дамытуы және дрондармен жеткізілетін мерзімді басылымдардың көлемін өсіру болды.
19.03.2019
-
Шымкентте жастар бір тоннадан астам бауырсақ пісірді
Астана, BAQ.KZ. Шымкентте Наурыз мерекесіне орай М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттері 1 тоннадан астам бауырсақ пісірді. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
19.03.2019
-
Атырау облысында параспортшы баспаналы болды
Астана, BAQ.KZ. Жергілікті кәсіпкер демеушілігінің арқасында, Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері Медет Сұпығалиев Исатай ауданында жаңа үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
19.03.2019
-
Ақмолада су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде
Алматы, BAQ.KZ. Ақмола облысының аумағындағы өзендерде мұз жару жұмыстарын жүргізу аяқталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов мәлімдеді, деп жазады ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
19.03.2019
-
220 адам өлімі: Сапарбаев еңбек қауіпсіздігі күшейтілетінін айтты
Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында еңбек қауіпсіздігі мәселесін көтерді.
19.03.2019