27 Қыркүйек 2019, 11:23
Ақтөбе облысында полиция полковнигі пара алды деген күдікпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы бастығының орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқоролыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ бастығының орынбасары полиция полковнигі пара алды деген күдікпен қылмыстық істі тергеуде. Аталған лауазымды тұлға жұмысқа орналасу кезінде көрсеткен көмегі үшін 400 000 теңге сомасында алынған параны азаматшаға қайтару кезінде ұсталды», - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.
- Түнгі клубта өлімші етіп сабап, қашып кеткен: Астанада атышулы іс аяқталды 03:19
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026