Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық форумы басталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" республикалық форумының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламенті депутаттары, Ассамблея Кеңесінің мүшелері, барлық деңгейдегі және ірі кәсіпорындар жанындағы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің өкілдері, мемлекеттік органдар мен этно-мәдени бірлестіктер қатысып жатыр.



Форум барысында Қоғамдық келісім кеңесінің халық тұрмысының сапасын жақсартудағы өзекті мәселелері, жалпымемлекеттік міндеттерді шешу жолдары, қоғамдық бақылау тетігі ретінде Кеңес рөлін арттыру, аудандық деңгейдегі, жергілікті жердегі және кәсіпорындар тәжірибесімен танысу көзделіп отыр.



Сонымен қатар форумда «Қоғамдық келісім кеңесінің тәжірибесімен бөлісу» дөңгелек үстелі мен «Қоғамдық келісім кеңесінің жұмысында медиативті технологияларды пайдалану» тренингі жоспарланған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы