Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері  ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста дауылды ескерту жасады.

29 қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде қар аралыс жаңбыр жауады.

«29-30 қыркүйект түнгі уақытта, 1 казанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек, 1-2 казанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 1-3 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы төмендейді. 3-8 градус аяз болады. 30 қыркүйект түнде, 1-2 казанда Қызылорда облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді», - делінген хабарламада.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы