Жезқазғанда кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты
1982 жылы туған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Ал 1986 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға түсті.
Ұлытау облысының Жезқазған қаласында кәріз құдығын тазалау кезінде жұмысшы қаза тапты.
2026 жылғы 20 мамырда сағат 16:40 шамасында Абай және Чехов көшелерінің қиылысында «Жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ қызметкерлерінің қатысуымен жазатайым оқиға болған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кәріз құдығын тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шыққан. Нәтижесінде 1982 жылы туған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, ал 1986 жылы туған екінші жұмысшыны жедел жәрдем бригадасы медициналық мекемеге жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен барлық мән-жайлары, сондай-ақ алынған жарақаттардың ауырлық дәрежесі анықталуда. Аталған факті бойынша Жезқазған қаласының Полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлады Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жағдай тиісті мемлекеттік органдардың бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында кәріз құбырын жөндеу кезінде екі жұмысшы газдан уланып қайтыс болды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ақмола облысындағы Бестөбе кенішінде екі адам қаза тапты
Семейде құрылыс алаңында жұмысшы қолынан айырылды
Ақмолада кәріз құдығында екі жұмысшы уланып, ауруханаға түсті
- Қазақстанның кинопрокат нарығына бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін 01:42
- 11 тамызға арналған валюта бағамы 00:45
- Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды 10.08.2026
- Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды 10.08.2026
- Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті 10.08.2026
- «Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды 10.08.2026
- "Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлар көп болады": Ходжаназаров бай азамат – бай мемлекеттің негізі екенін айтты 10.08.2026