Желідегі әдепсіздік: Қонаевта әйел TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді
TikTok-тағы эфир айыппұлмен аяқталды: Іле ауданы тұрғынына қатысты сот шешімі шықты.
Алматы облысы Іле ауданының тұрғынына TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқаны үшін 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай шешімді Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылғы 11 қазанда түскі уақыт кезінде әйел адам үйінен трансляция жүргізу барысында бейпіл сөздер қолданған. Сот мұны қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу деп тапты.
Сот отырысы кезінде әйел өз кінәсін мойындады. Дәлел ретінде сот балағат сөздер тіркелген тікелей эфирдің бейнежазбасын зерттеді.
Сот оны Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салды. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін талдықорғандық TikTok-тағы қылығы үшін сот алдында жауап берді.
Тағы оқи отырыңыз:
«Қаралы күнге» тіл тигізді: Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды
Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды
«Instagram немесе Threads: Қазақстанда қандай әлеуметтік желілер ең танымал?