3 Қыркүйек 2026, 10:27 Фото: Үкіметтің баспасөзінің қызметі

Жаслан Мәдиев жаңа қызметке тағайындалды

Бұған дейін Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болған, енді Премьер-министрдің орынбасары қызметін де қоса атқаратын болады.

Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін кеше, яғни 2 тамызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 

Ал бүгін Дәурен Қосанов Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғанын жаздық. 

Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды.