Бүгiн 2026, 20:44 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Жанжал соңы трагедия: 15 жастағы жасөспірім анасын қорғаймын деп ажал құшты

Қостанай облысында анасын қорғамақ болған жасөспірім қаза тапты.

Қостанай облысының Жітіқара қаласында отбасылық жанжал трагедиямен аяқталды.

Отбасылық жанжал кезінде анасын қорғамақ болған 15 жастағы жасөспірім қаза тапқан.

Полицияның мәліметінше, 25 сәуір күні болған жанжал кезінде 37 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақатын алған. Оның ұлы да жараланып, оқиға орнында көз жұмды.

Жиырма бесінші сәуірде тұрмыстық жанжал барысында Жітіқара қаласының отыз жеті жастағы тұрғыны пышақтан жарақаттанды. Ал оның он бес жастағы ұлы алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды. Адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Күдікті зардап шеккен әйелдің күйеуі болып танылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Қостанай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында туған әкесін аяусыз ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

Тағы оқи отырыңыздар:

Өскеменде ер адамның мәйіті табылды

Шымкентте айналымы 557 млн теңгелік заңсыз онлайн-казинолардың жолы кесілді

Бұрынғы әйелін аңдыған ақтөбелік ұсталды

Алматы метросының 127 миллионы: 10 шенеунік сотталды