Ақтөбе облысында сталкинг фактісі тергелуде. Арызданушының бұрынғы жұбайы ұсталды.
Полицияға 29 жастағы әйел бұрынғы жұбайына қатысты арызбен жүгінді. Оның айтуынша, ер адам ай басынан бері өзін заңсыз әрі мазасын алып, қайта-қайта қудалап жүрген.
Учаскелік полиция инспекторлары ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, азаматтардың жеке бас бостандығын қорғауды күшейту мақсатында және «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылғы 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қылмыстық кодекске жаңа 115-1-бап - «Сталкинг» енгізілген заңға қол қойған болатын.
Заң күшіне енген сәттен бастап Ақтөбе облысында сталкингтің 6 фактісі тіркелді, оның біреуі сотқа жолданды.
Сталкинг - бұл зорлық-зомбылықсыз жүзеге асырылатын, бірақ жәбірленушіге елеулі зиян келтіретін, оның еркіне қарсы байланыс орнатуға және (немесе) аңдуға бағытталған заңсыз қудалау.
Тағы оқи отырыңыздар:
Ер адам бұрынғы қызын дронмен аңдып, жүйкесін жұқартқан
Мобильді аударымдар арқылы сталкинг жасаған кәсіпкер 25 тәулікке қамалды
Әйелді төрт ай бойы аңдыған: Семейде сталкерге үкім шықты