23 Қыркүйек 2026, 19:31 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Жаңбыр, найзағай және қатты жел: Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет 24 қыркүйекке арналған дауылды ескерту жариялады. Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел, тұман және шаңды дауыл болады деп болжануда. Бірнеше облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түсуі мүмкін. Солтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысында батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста, күндіз батыста, солтүстікте және шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында түнде және таңертең батыста және орталықта тұман күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ елдің батысында қатты жел күтіледі. Оның солтүстік-батыста, батыста және оңтүстіктегі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында күндіз батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Жел 15-18 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыста, оңтүстікте және шығыста жел 15-18 м/с дейін күшейеді. Бірқатар аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік пен шығыста тұман түседі. Күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Сондай-ақ облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өңірде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, түнде және таңертең солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында түнде оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ тұман күтіледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды

Ал қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.