21 Қыркүйек 2026, 13:57 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Жаңбыр, найзағай, қатты жел: Үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

2026 жылғы 22–24 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамы.

Жаңа аптаның басында Қазақстан аумағында ауа райын атмосфералық фронтальды бөліктер қалыптастырады. Осыған байланысты синоптиктер найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райы құбылмалы болатыны туралы 22-24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында айтылған.

Сондай-ақ синоптиктер тұрғындарды желдің күшейетіні туралы ескертті. Кейбір өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі деп күтілуде.

Бұл ретте температура фондары осы жыл мезгілі үшін қолайлы болады, деп қосты «Қазгидрометте».

«Күндіз ауа температурасы еліміздің батысында +25…+32°С, солтүстік-батысында +20…+31°С, солтүстігінде және орталық өңірлерінде +18…+27°С, шығысында +13…+23°С, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +25…+32°С-қа дейін көтеріледі», – деді мамандар.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Сондай-ақ, 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды

Ал қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.