Жаңбыр, көктайғақ, үсік: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: Қай өңірлерде қар жауып, үсік жүреді?
8-10 қазанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр және сулы қар түрінде жауын-шашын күтіледі, шығысында көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің батысында түнде ауа температурасының негізгі фоны +5+16°С, күндіз +17+22°С-тан +22+27°С-қа дейін жоғарылайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде ауа температурасы +3+13°С-тан -1-6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасының негізгі фоны +10+17°С болады. Шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны 0,+8°С, күндіз +10+15°С-тан +2+7°С-қа дейін төмендейді. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасының негізгі фоны +3+10°С, таулы аудандарда 2°С-қа дейін үсік күтіледі. Күндіз ауа температурасы +17+25°С, таулы аудандарда +12+17°С болады, - деп хабарлады Қазгидромет РМК баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қазан айында ауа райы қандай болатынын айтты.
Сондай-ақ, 2026 жылдың қазан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны хабарланды.
Ал қыркүйек айында қазақстандықтарда ресми мереке күндері болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде азаматтар сегіз күн демалса, алты күндік жұмыс аптасында тек төрт күн демалды.