2 Қазан 2026, 20:47 Фото: gov.kz

Жамбыл облысында жүк пойызы бір отар қойды қағып кетті

Қойларды қараусыз қалдырған тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды.

Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті: Мал иесі жауапқа тартылды. Бұл туралы Көліктегі ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1 166 фактісі тіркелді. Оның 881-і үй жануарларының теміржолға шығуына байланысты болған.

Кезекті оқиға бүгін таңертең Жамбыл облысы «Жұма – Тамды» аралығында орын алды. Жүк пойызы теміржолға шығып кеткен 70 бас қойды қағып кеткен. Аталған факті бойынша мал иесі, Тараз қаласының 66 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты теміржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады Көліктегі ПД баспасөз қызметі.

Көлік полицейлері мал иелерін теміржолға жақын аумақта жануарларды бақылаусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізде болсын: жануарлардың қауіпсіздігіне жауапкершілік, ең алдымен, олардың иелеріне жүктеледі. Малдың теміржолға бақылаусыз шығуы пойыз қозғалысына қауіп төндіріп, төтенше жағдайға, материалдық шығынға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте пойыз терезесін сындырған бес жасөспірім анықталды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Қырағы машинист теміржол бойында жалғыз жүрген 4 жасар баланы құтқарып қалды

Атырау облысында ер адам пойыз астына түсіп қаза тапты

Пойызға тас лақтырғандар қандай жауапкершілікке тартылады?