7 Тамыз 2026, 15:42 Фото: pixabay.com

Үндістанда найзағай түсіп, 20 адам қаза тапты

Үндістанда 20 шақты адамды найзағай соқты.

Қатты нөсер жауынан кейін Джаркханд штатына үлкен нұқсан келді. The Indian Awaaz басылымы мәлім еткендей, мұнда бір тәулік ішінде найзағай түсуінен кем дегенде 20 адам қаза тапқан.

Ең көп адам шығыны - 11 адам, ол Гиридих округінде тіркелді.

Үндістанның метеорологиялық қызметі Джаркханд штатының солтүстік-батысы мен орталық бөлігіндегі аудандарда алдағы үш күн бойы толассыз жауын жауатынын ескертіп, «қызғылт сары» қауіп деңгейін жариялады.

Сондай-ақ штаттың бүкіл аумағында сипатты қатты желдің болуына байланысты «сары» қауіп деңгейі енгізілді.

Метеорологтардың мәліметінше, бұл ауа райы жағдайы Бенгал шығанағы үстіндегі төмен қысым аймағына байланысты қалыптасып отыр. Соның салдарынан желдің жылдамдығы сағатына 40-50 шақырымға дейін жетуі мүмкін. 

Штаттың апат салдарымен күрес департаменті халықты қолайсыз ауа райы кезінде ашық алаңдарға, ауыл шаруашылығы алқаптарына шықпауға және ағаштардың астына тығылмауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Үндістанның Ассам штатындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 95-ке жеткені хабарланды

Тағы оқи отырыңыз: 

Таиландта матч кезінде футболшыға найзағай түсті

Венесуэлада әуежай аумағына найзағай түсіп, тоғыз адам зардап шекті

Ақтөбеде 19 жастағы жігітті найзағай соғып, көз жұмды